Кәсіпкерлерге қызмет көрсету мен тауар сатып алуға тегін сертификаттар берілді

896

 Кәсіпкерлерге қызмет көрсету мен тауар сатып алуға тегін сертификаттар берілді

Қызылордада  кәсіппен айналысатын мүмкіндігі шектеулі жандардың  алғашқы форумы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Форумның ашылу салтанатында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев және "Даму" қорының басқарма төрағасы Абай Сарқұлов сөз сөйледі. Іс-шара барысында өңір басшысы мемлекеттік бағдарламалар мен "Даму" қорының жобаларына қатысып, өз жобаларын сәтті жүзеге асыра білген ерекше мүмкіндіктегі кәсіпкерлерге алғыс хаттар табыстады. Сондай-ақ, "Даму-Көмек" жобасы бойынша демеушілік көмек те табысталды. Сондай-ақ,  табысқа қол жеткізген кәсіпкерлерге қызмет көрсету мен тауар сатып алуға тегін сертификаттар берілді. Форум аясында мүгедектігі бар кәсіпкерлердің қолынан шыққан түрлі тауар мен өнімдер және қызмет түрлеріне арналған көрме ұйымдастырылды. 20-дан аса компания көрмеде кәдесыйлардан құрылыс заттарына дейінгі алуан түрлі өнімдерін ұсынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу