Каспидің тартылуына Маңғыстаудағы су тұщыту зауыттары әсер ете ме?

1093

Маңғыстауда ауыз су мәселесін шешу маңызды. 2025 жылға дейін өңірде 9 су тұщыту зауытын салу жоспарлануда. Сонда тіршілік нәріне деген тәуліктік қажеттіліктің 260 мың текше метрі өтеледі. Бұл Каспий теңізі  суының деңгейіне қалай әсер етеді?  

Каспидің тартылуына Маңғыстаудағы су тұщыту зауыттары әсер ете ме?

Ақтаулықтардың біраз уақыты Каспий жағалауында өтеді. Балалық шақтан теңізді көріп өскендер қазір судың біршама тартылғанын байқаған.

"1998 жылы теңіз деңгейі үлкен жартастарға жеттетін еді. Балалар суға секіретінбіз. Қазір бұл жерде адамдар жартасты соқпақтар жасады. Мұнда су деңгейі төмендегенін көруге болады", – дейді Ақтау қаласының тұрғыны Руслан Дыбысов.

Маңғыстауда су тұщыту зауыттарын салуға байланысты сан алуан пікір бар. Өндіріс ошақтары Каспий суының азаюына әсер ете ме?

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршиннің айтуынша, Каспийдің жалпы көлемі 78 мың текше шақырымды құрайды. Тәулігіне 300 мың текше метр су керек десек, жылына 110 млн куб су болады. Бұл 0,1 текше шақырым. Пайыздық қатынаста бұл теңіздегі 10 000-нан 1 пайызын ғана құрайды. Зауыт су көлемін төмендетпейді. Ғалымдар Каспий көлемінің өзгеруі табиғи құбылыс деген пікірде. Антропогендік әсерлер де жоқ емес. Экология мәселесі тағы бар.

Тәжірибелі экологтар қауымдастығының өкілі Гүлмира Ниетқали: "Су тұщыту кезінде таза су алынып, тұзы сүзіліп тасталады. Тұз қалдықтарының шоғыры қоршаған ортаны өзгертеді. Бұл үшін табиғатты қорғау шараларын қосымша пысықтау қажет", –дейді.

Экологтар ауыз суға кешенді зерттеу жүргізілуі керек. Тиісті дәрежеде сараптамалық баға беру үшін халықаралық сарапшыларды тарту қажет деп санайды. Каспий теңізін 5 ел жағалай қонған. Қазақстанға жағалаудың ең үлкен ауданы тиесілі. Бұл шығыс пен солтүстік-шығыстағы 2300 шақырым. Бірақ Германия мен Голландия ғалымдарының болжауынша, 50 жыл ішінде көк теңіздің үштен бірі тартылуы мүмкін. Солтүстік акватория ең көп зардап шегеді. Яғни Ресей мен Қазақстанға тиесілі бір бөлігіне қауіп бар.

Алмас Қылыш

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу