Каспий теңізіндегі мұздан сақтану ескертіледі

300

Маңғыстауда бірнеше күннен бері ауа райының күрт суытуы Каспий теңізінің жағалауын қатырып тастады.  

Каспий теңізіндегі мұздан сақтану ескертіледі Фото: CaspianLife.kz

Кейбір жерлерде теңіз беті жағадан шамамен 150 метр қашықтықта мұзбен жабылған. Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Рәтбек Демеубергеннің хабарлауынша, мұздың қалыңдығы 5 сантиметрге дейін жетеді, алайда  адамның салмағын көтере алмайды,  су айдындарындағы қауіпсіздік ережелеріне сәйкес мұздың қауіпсіз қалыңдығы кемінде 10 сантиметр болуы тиіс.

“Егер  мұз опырылып, суға түсіп кетсеңіз, келесідей әрекеттер жасау  қажет: дүрбелеңге салынбаңыз,  оқыс   қимыл-қозғалыс жасамаңыз.  Сондай-ақ, мүмкіндігінше терең және баяу дем алыңыз, дереу көмекке шақырыңыз және мұздың шетіне ілігуге тырысу қажет. Онымен қоса, кеудеңізді  көтеріп, мұз жамылғысы берік жаққа қарай жорғалаңыз. Сонымен қатар, соңғы уақытта әлеуметтік желілерде адамдар дауылды ауа-райында теңізге сүңгу фактілері немесе тыйым салынған және белгіленбеген орындарында шомылу бойынша бейнероликтер орналастырылып жатыр, бұл ең біріншіден су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзу болып табылады. Осыған байланысты, Департамент азаматтарды ережелерді бұзуға жол бермеуге шақырады, сондай-ақ мұндай әрекеттер үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің шеңберінде әкімшілік жауапкершілік көзделгенін хабарлайды”,- деді Рәтбек Демеуберген.

 

Айта кетейік, осыған орай, егер қиындыққа тап болып немесе оқиғаның куәгері болсаңыз, құтқару қызметі— 112  нөміріне шұғыл түрде қоңырау шалу қажеттігі ескертіледі.

“Каспий жағалауы әдемі болып тұр. Ертегі әлеміне келгендей әсер қалдырады. Аспан, теңіз, мұз тұтасып кеткендей. Бұл жерде, әсіресе, балаларды ұстап тұру мүмкін емес. Қызықтап алысқа кетіп қалуы мүмкін”,– дейді қала тұрғыны Лиза Әбілова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу