Қасым-Жомарт Кемелұлына сөз бердім – Садыр Жапаров

4337

Қырғыздың жаңа басшысы алғашқы сапарын не үшін Ресейден бастағанын түсіндірді.

Қасым-Жомарт Кемелұлына сөз бердім – Садыр Жапаров

Бұл туралы Жапаров "ҚазАқпарат" агенттігіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

"Президент болып сайланғаннан кейін мені алғашқылардың бірі болып Қасым-Жомарт Кемелұлы шақырды. Сонда сөз бердім. Орталық Азия мемлекеттері арасында ең алдымен Қазақстанға бара жатқанымның себебінің бірі де сол. Екінші, біз қазақ-қырғыз – бір туған, көршілес елміз. Бізді екі мемлекеттің көптеген мүддесі біріктіріп тұр. Сондықтан бір туған, бауырлас елге сапармен барғалы жатырмын. Бірінші сапарымның Ресейде болған себебі – бізде тез арада қол қою үшін дайын тұрған хаттамалар, келісімдер бар еді. Енді Құдай бұйыртса, 2-3 наурызда Қазақстанға мемлекеттік сапармен қонаққа барайын деп отырмын. Кейін Өзбекстанға сапарым жоспарланған. Кейін Қытайға, Түркияға бару жоспарда бар. Біз барлық мемлекетпен байланысымызды өте жоғары деңгейге жеткізу үшін барлық күшімізді жұмсауымыз керек", - деді ол.

Мемлекет басшысы Қазақстанға мемлекеттік сапармен барған кезде бірқатар құжатқа қол қойылатынын айтты, дегенмен қандай құжаттар екені нақты атап өтпеді.

"Қазақстанға барғанда бірқатар келісімге, қос мемлекеттің арасында болып жатқан мәмілелерге қол қоямыз. Бірақ бізде шешілмейтін бірде-бір мәселе болмауы керек", - деп түйіндеді сөзін Садыр Жапаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу