Қасым-Жомарт Тоқаев экспортерларды қолдаудың әлемдік тәжірибесін енгізбек

862

Қазақстанда алдағы уақытта экспорттық несиелерді субсидиялау тәжірибесі де қолданысқа енгізілмек, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Қасым-Жомарт Тоқаев экспортерларды қолдаудың әлемдік тәжірибесін енгізбек

"Біздің елде экспортерлар мемлекеттен біршама көмек алып жатыр. Мәселен, оларға арнайы фронт-кеңселер тәртібімен бірыңғай терезе тәулік бойы қызмет етеді. Оның көмегімен экспортерлар қолдау шараларына ие болып келеді. Тиісті кеңес алады. Дау туындаған мәселелерін шешеді. Шығындарының бір бөлігін жабады. Жалпы экспортты қолдау мақсатында 1 млрд 200 млн доллар қаражат бағытталған. Яғни елімізде экспортерлар инститцуионалдық тұрғыда да, қаржылық тұрғыда да қолдауға ие", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 33-ші жалпы отырысында.

Президент сонымен бірге Азиялық даму банкінің ұсынысына назар аударғанын айтып өтті. Банк экспортты қолдау архитектурасын реформалауды бастама ретінде көтерген еді.

"Цифрлық трансформация саудадағы кедергілерді ең бірінші кезекте шағын және орта бизнес саласында жоятынымен келісуге болады. Осы ретте мен Сауда және интеграция министрлігіне Азиялық даму банкімен бірге экспорттық қолдау шараларын цифрландыруды тапсырамын. Әлемде кең тәжірибеге ие экспорттық несиелерді субсидиялау әдісі бізде әлі жоқ. Жуық арада осы тәжірибені экспортты қолдау шараларының тізіміне енгізу керек", - деді Президент.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу