Катар Қазақстанға достық құрметін ерекше мазмұнда білдірді

991

Катар Қазақстанға достық құрметін ерекше мазмұнда білдірді

Катар астанасының билігі Қазақстан Республикасына деген құрметін жоғары ілтипатпен жеткізді. "ҚазАқпарат" ХАА хабарлауынша, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай екі ел арасындағы достық пен Қазақстанға құрмет белгісі ретінде заманауи Катардың басты символы -  Дохадағы "Sheraton Doha" және "Convention Center Sheraton Doha" қонақ үйлері Қазақстан Республикасының туы түстес етіп безендірілді. Қазақстан мен Катар арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1993 жылы 1 шілдеде орнаған. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевқа Катардың ең жоғарғы марапаты - Тәуелсіздік ордені берілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу