Катарда өтетін мундиальға қазақстандықтар тікелей рейспен қатынайды

894

Алматы мен Нұр-Сұлтанға Дохадан 21 әуе рейсі ашылады. 

Катарда өтетін мундиальға қазақстандықтар тікелей рейспен қатынайды

Индурстрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Катар мен Қазақстан арасына күніне 21 рейс қатынайтынын айтты. Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген министр аталмыш рейстер желтоқсанның ортасынан бастап іске қосылатынын мәлім етті. 

"Министрлік еркін әуе кеңістігі туралы бұйрыққа қол қойған болатын. Бұл елдегі әуе маршруттарының санын арттырады. Осы аптада Дохадағы келіссөздер бітеді. Желтоқсанның ортасынан бастап Алматыға күн сайын Катардың әуе кемелері 7 рет қатынайтын болады. Нұр-Сұлтанға да 7 рейс қатынайды. Бұған қоса 7 жүк рейсі ашылады. Бұл біздің азаматтарға Доха арқылы өтетін қосымша маршураттарды таңдауға мүмкіндік береді. Яғни баға мен қызмет көрсету сапасына әсер етеді", – деді Бейбіт Атамқұлов. 

Есімжан Нақтыбайұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу