Қазақ-өзбек шекарасында 1 шақырымға созылған өнеркәсіптік орталық құрылады

394

Қазақ-өзбек шекарасында 1 шақырымға созылған жаңа өнеркісіптік орталық құрылады. 

Қазақ-өзбек шекарасында 1 шақырымға созылған өнеркәсіптік орталық құрылады Фото: azattyq-ruhy.kz

 

Ол екі ел арасындағы сауда айналымын арттырып, қос тараптың жаңа нарықтарға шығуына жағдай жасайды. Сонымен қатар, жоба жүзеге асқанда жүздеген адам жұмыспен қамтылмақ. 

Инвестициялық жобалар, сауда келісім-шарттары барлығы 40-қа жуық құжат. Бұл осы сенбі қазақ-өзбек шекарасында екі елдің вице-премьері іске асырылуын тексерген жобалар саны. Оның ішіндегі ең маңыздысы "Орталық Азия" халықаралық өнеркәсіптік ынтымақтастық орталығының құрылысы. 

"Екі аймақтың шекарасында "Орталық Азия" халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығының құрылысы өтетін жерді анықтадық. Бұл үлкен жетістік. Себебі осының арқасында ең алдымен өнеркәсіптік кооперация дамитын болады. Бұл мемлекеттер арасындағы терең ынтымақтастықтың негізі. Менің ойымша біз болашақ жоба үшін өте жақсы жерді таңдадық", дейді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары  сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин. 

Халықаралық орталық "Атамекен мен Сырдария" өткізу бекеттерінің маңында бой көтеретін болды. Бұл жердің таңдалуы бекер емес. Осы аумақтан "Ташкент-Термез" халықаралық автомобиль жолы өтеді. Яғни жобаның географиялық ауқымын кеңейеді. 

"Орталық Азия үш дүниежүзілік орталық - Ресей, Қытай және Үндістанмен шектеседі. Әлемдік картада жаһандық алпауыттардың бұлай жақын орналасқан баламасы жоқ. Яғни Орталық Азия әлемдік геостратегияда маңызды рөл атқарады. Қазіргідей геосаяси жағдай ушыққан кезде Орталық Азия ұрыс алаңына айналмауы керек. Керсінше географиялық ерекшелігін пайдалана отырып, жаңа транзиттік дәліздердің ашуы тиіс", дейді Саясаттанушы Бахтиёр Эргашев.

Жоспар бойынша жобаның жалпы алаңы бастапқыда 1 шаршы шақырым болады, яғни екі жақта 50 гектардан. Кеңейту үшін қос тарап тағы 150 гектар жерді резервте ұстамақ. Әр ел өз бөлігін өзі басқарады. Орталық жыл он екі ай, тәулік бойы жұмыс істейді. Оған кіріп шығу үшін азаматтарға паспорт қажет емес, жеке куәлік те жарайды. 

Өнеркісіптік орталықта еркін сауда режимі жүзеге асады. Аумақта екі елдің банктерінен бастап сауда және бизнес орталықтарына дейін салынбақ. Мұнда халықаралық тарнзит арқылы экспортқа шығатын тауарларды сақтау мен қайта өңдеу жолға қойылады. Оған қоса, екі елдің иновациялық әлеуетін пайдаланып жаңа тауарлар да өндірмек. Бұл жеткізу тізбегін қысқартып, соңғы тұтынушы үшін өнімнің құнын төмендетуі тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу