Қазақстан аштықтың ең төменгі деңгейі бойынша рейтингіде 21-орында тұр

1684

Елдегі жағдай Беларусь пен Ресейге қарағанда нашар.

Қазақстан аштықтың ең төменгі деңгейі бойынша рейтингіде 21-орында тұр

2015 жылы БҰҰ 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму саласындағы күн тәртібін қабылдап, оған тұрақты дамудың 17 мақсаты кірді. Мақсаттардың бірі – аштықты жою және халық үшін азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, деп хабарлайды Inbusiness.kz energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Concern Worldwide және Welthungerhilfe жариялаған Global Hunger Index есебіне сәйкес, әлем 2030 жылға қарай аштықты толық жоюға қол жеткізуге әлі дайын емес. Жағдайды COVID-19 пандемиясымен байланысты дағдарыс, жаһандық экономикалық құлдырау, сондай-ақ көптеген жергілікті проблемалар нашарлатып келеді. Мысалы, Сомали түбегіндегі шөл шегірткелерінің көші миллиондаған адамдар үшін азық-түлік тапшылығы проблемасын одан сайын ушықтырды. Аймақта онсыз да қарулы қақтығыстар мен төтенше климаттық жағдайлардың салдарынан аштық жайлаған болатын.

Соңғы мәліметтер бойынша, шамамен 690 миллион адам тойып тамақтанбайды; үнемі ашқұрсақ жүретін 144 миллион баланың өсуі тежелген; 47 миллион бала өте арық.

Ғаламдық аштық индексіне сәйкес, 2020 жылы бүкіл әлемде ашаршылық қалыпты деңгейде болды.

Аштықтың ең төменгі деңгейі бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 107-нің ішінен 21-орында тұр. Ел индексі 100-дің тек 5,4-ін құрады. 17 ел бірден әлемдік рейтингінің көшбасында. ЕАЭО елдері арасында 5-тен төмен индексі бар Беларусь қана ТОП-17 елге кірді. Басқа одақтас елдер арасында Қазақстан Армения мен Қырғызстаннан гөрі жақсы нәтиже көрсетіп, Ресейге жол берді. Рейтингідегі соңғы орынды Чад алды.

ҚР-да 2019 жылдың қорытындысы бойынша үй шаруашылықтары арасында тойып тамақтанбаудың таралуы бір жыл бұрынғы 4,6% - ға қарағанда төмендеп, 4,1% деңгейіне жетті. Сонымен қатар, 2017 жылы бұл көрсеткіш небәрі 3,6%-ды құраған. 2019 жылдың қорытындысы бойынша елімізде азық-түлік қауіпсіздігінің қалыпты және мүлде жетіспеушілік деңгейі 5,3%-ға дейін өсті. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрын 4,2%  болған. 

Биылғы жылдың қаңтар-ақпан айларында Тамақ өнімдері өндірісіне 18,3 млрд теңге инвестицияланды. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда бірден 3,1 есе көп.
Өңірлердің ішінде күрделі салымдардың басым бөлігі Шығыс Қазақстан облысына бағытталды (8,4 млрд тг, бір жыл бұрынғыға қарағанда 60,9 есе көп).

Көшбасшылардың үштігіне Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстары кірді.
Инвестициялар түгелге жуық инвесторлардың меншікті қаражаты (ҚР-дан 54,3%) және банктердің кредиттері (ҚР-дан 28,7%) есебінен қамтамасыз етілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу