Қазақстан 5 қазаннан бастап елдермен әуе байланысын қалпына келтіруді тоқтатады, деп хабарлайды Аtameken Business. Тиісті шешімді ведомствоаралық комиссия қабылдады.
Сондай-ақ, Түркия мен Біріккен Араб Әмірліктерінен оралған қазақстандықтар стационарда оқшауланатын болды. Бұл жайлы көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов хабардар етті.
Оның сөзінше, әуекомпаниялар Қазақстанға билет сатып алған жолаушыларға COVID-19 бойынша қосымша талаптар туралы хабарлауы керек. Қазіргі уақытта көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мамандары әуекомпаниялардың, әуежайлардың және басқа да мүдделі органдардың өкілдерімен бірлесіп, қазаннан бастап екінші санаттағы елдерден әуерейстермен елімізге келетін барлық адамға қосымша талаптар енгізу мәселесін пысықтап жатыр.