Қазақстан азаматтарының оффшорларына талдау жүргізіледі

902

Шетелде тұратын Қазақстан резиденттерінің де есепшоттары тексеріледі.

Қазақстан азаматтарының оффшорларына талдау жүргізіледі

Қазақстан азаматтарының оффшорларына талдау жыл соңына дейін жүргізіледі, деп хабарлайды Atameken Business.

Қазір Үкімет Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдермен өзара келісім жасап жатыр. Бүгінде бұл ұйымға 37 мемлекет мүше. Уағдаластыққа сәйкес, мұндағы салық органдары жеке және заңды тұлғалардың есепшоттары туралы ақпараттар беруге міндеттелмек. Сондай-ақ, шетелде тұратын Қазақстан резиденттерінің де есепшоттары тексеріледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйектегі жолдауында заңсыз ақша ағыны мен көлеңкелі экономиканы жою мақсатында мемлекеттік қызметтегі жоғары лауазымды тұлғалардың отбасы мүшелеріне де шетелде есепшот ашуға тыйым салуды жүктеген.

Ақпан айында депутат Азат Перуашев Ұлттық банктегі сенімді инсайдеріне сүйеніп, Қазақстаннан жасырын сыртқа шығып кеткен ақшаның 100 млрд долларға жеткенін мәлімдегені есте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу