Қазақстан банк секторының қаржылық көрсеткіштері тұрақты жоғары болып қалады

1173

Елдегі бөлшек несиелеудің қарқынды өсуі активтер сапасының нашарлауына әкелуі мүмкін. 

Қазақстан банк секторының қаржылық көрсеткіштері тұрақты жоғары болып қалады

Бұл туралы Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz. Fitch дерегінше, 2021 жылдың III тоқсанында елдің банк секторының несие қабілеттілігі тұрақты, несиелердің құнсыздану шығындары барлық несиелердің 1,2%-ын (жылдық) құраған.

Сарапшылардың пайымдауынша, 2020 жылғы экономикалық құлдырау нәтижесінде банктердің несиелеуге жұмсалған шығындары негізінен банктердің есебінен толығымен жабылған.  

"Таяу болашақта құнсызданудан болатын шығындар 1%-дан 2%-ға дейін сақталады деп күтілуде. Бұл құнсызданудан болған шығындарсыз (жалпы несиелердің 10%-ы) банк пайдасынан әлдеқайда төмен. Сондықтан аталған процесс банктерге жоғары пайда табуға мүмкіндік береді. Меншікті капиталдың орташа кірісі III тоқсанда 34%-ға жоғары болды. Біз қаржылық көрсеткіштер орта мерзімді перспективада тұрақты болады деп күтеміз", – деп жазылған хабарламада.        

Ведомство қазақстандық банктердің көпшілігінің активтер құрылымы, кірістілігі жоғары және қорлары жеткілікті деңгейде екенін атап өтті. Дегенмен сектордағы бірнеше банктерде проблемалық активтер бар.

Сарапшылар орта мерзімді перспективада елдегі бөлшек несиелендірудің қарқынды өсуі активтер сапасының нашарлауына әкелуі мүмкін екенін хабарлады. Мәселен, 2021 жылдың III тоқсанында бөлшек несиелердің өсімі 12%-ды құрады.

"Соңғы бірнеше жылда бөлшек несиелендірудің өсуі қазақстандықтардың кірісінің номиналды өсімінен асып түсті. Осылайша қарыз алушыларға борыштық жүктеме артты", – делінген хабарламада.

Қазақстанның банк секторында 22 екінші деңгейлі банк бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу