Қазақстан биологиялық қару әзірлемейді, басқа мемлекеттерге қарсы зерттеу жүргізбейді – СІМ

1822

Биологиялық қауіпсіздік мәселелері Қазақстандағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. 

Қазақстан биологиялық қару әзірлемейді, басқа мемлекеттерге қарсы зерттеу жүргізбейді – СІМ

Биологиялық қауіпсіздік мәселелері Қазақстандағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады, елде ешқандай биологиялық қару әзірлеу жүргізіліп жатқан жоқ, деп хабарлайды СІМ.

"Шетелдік және отандық БАҚ-тарда Қазақстандағы биологиялық бағыттағы зертханалардың қызметіне қатысты жалған ақпараттың таралуы жиілеп кетуіне байланысты қалың жұртшылыққа Қазақстан Республикасы қарусызданудың жаһандық процесінің және жаппай қырып-жою қаруын таратпаудың белсенді жақтаушысы, Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың (ЯҚТШ), Химиялық қаруға тыйым салу туралы конвенцияның (ХҚТСК), Бактериологиялық және уытты қаруға тыйым салу туралы конвенцияның (БУҚК), соғыста тұншықтырғыш, улы немесе басқа газдар мен бактериологиялық құралдарды қолдануға тыйым салу туралы 1925 жылғы Женева хаттамасының және басқа да негізгі халықаралық құралдардың жауапты қатысушысы болып табылады", – деп жазылған СІМ таратқан хабараламада.

Онда Қазақстанның өзінің барлық халықаралық міндеттемесін толықтай орындайтындығы және мінсіз беделге ие екендігі баса айтылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу