Қазақстан қоржынына тағы бір "күміс" түсті

939

Қазақстан қоржынына тағы бір "күміс" түсті

Бүгін Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ қысқы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының өкілдері төртінші медальды жеңіп алды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Коньки жарысынан 1000 метр қашықтықта жерлесіміз Денис Кузин мәре сызығын екінші болып кесіп, Қазақстан қоржынына екінші күміс жүлдені салды. Бұл сайыста жапон спортшысы Такуро Ода чемпион атанды. Ал үшінші орынға күншығыс елінің тағы бір спортшысы Шунсуке Накамура табан тіреді. Денис Кузинннің жүлдесі бүгінгі Қазақ спортшыларының жеңіп алған үшінші жүлдесі. Осыған дейін жарыстың екінші күні шаңғышы аруымыз Елена Коломина күміс еншілесе, бүгін бір қоланы жеңіп алды.

Ал одан кейін ерлер арасында тағы бір шаңғышымыз Ринат Мухин 15 шақырымдық жарысты 41 минут 25,3 секунд нәтижесімен чемпион атанған болатын. Қазір Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 күміс, 1 қола медальмен төртінші орында келе жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу