"Қазақстан Құрылысшылар одағы" президенттікке кандидатын ұсынды

1947

Республикалық заңды тұлғалар бірлестігі Талғат Файзуллаұлы Ерғалиевтің құжаттарын Орталық сайлау комиссиясына тапсырды. 

"Қазақстан Құрылысшылар одағы" президенттікке кандидатын ұсынды

"Қазақстан Құрылысшылар одағы" республикалық заңды тұлғалар бірлестігі" ҚР президенттігіне үміткер ретінде Талғат Файзуллаұлы Ерғалиевті ұсынды, деп хабарлайды ОСК баспасөз қызметі.

2019 жылғы 27 сәуірде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 55-бабына сәйкес "Қазақстан Құрылысшылар одағы" республикалық заңды тұлғалар бірлестігі" Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер ретінде Талғат Файзуллаұлы Ерғалиевтің мынадай құжаттарын ұсынды:

1. "Қазақстан Құрылысшылар одағы" республикалық заңды тұлғалар бірлестігі" жоғары органының Қазақстан Республикасының президенттікке кандидатты ұсыну жөніндегі отырысының хаттамасынан үзінді;

2. Талғат Файзуллаұлы Ерғалиевтің Қазақстан Республикасының президенттiгіне кандидат болып дауысқа түсуге келiсiм бергені туралы өтiнiші;

3. Өмірбаяндық деректері;

4. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасын енгiзгенiн куәландыратын құжат;

5. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

6. Жоғарғы оқу орнындағы білімі туралы дипломдарының көшірмелері;

7. Мемлекеттік қызметте жұмыс тәжірибесінің бар екенін растайтын құжаттар. 

Талғат Файзуллаұлы Ерғалиев 1966 жылы Целиноград облысында туған. Агротехникалық университетті бітірген, инженер-механик. Оқытушы болып жұмыс істеген және кәсіпкерлік қызметпен айналысқан. 
1991-1992 жж. – Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетінің оқытушысы, инженерлік-педагогикалық факультеті деканының орынбасары. 
1993-1999 жж. – сауда компаниясының директоры. 
1999-2002 жж. – Қарашағанақ кен орнында "АксайИнвестСтрой" компаниясының басшысы. 
2004 жылы "Стройкласс" ҚК ЖШС-ін құрған, жоба-менеджері. 
2010 жылдан бері "Ақ жол" Қазақстан Демократиялық партиясы Орталық кеңесінің өңірлік саясат бойынша хатшысы. 
2012 жылғы қыркүйек айынан бастап бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Ақ жол" Қазақстан Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған. 

Айта кетейік, бұған дейін "NUR OTAN", "Ақ жол", ҚКХП партиялары өз үміткерлерінің есімін жариялаған болатын. "Ұлы дала қырандары" республикалық қоғамдық бірлестігі атынан қоғам қайраткері, жазушы-журналист Сәдібек Түгел кандидат ретінде тиісті құжаттарын тапсырды. Сондай-ақ, Қазақстан кәсіподақтар федерациясы президенттікке кандидатын ұсынды. "Ауыл" партиясы президенттікке Төлеутай Рахымбековты ұсынды. Ал "Ұлт тағдыры" Орталық сайлау комиссиясына Әміржан Қосановтың құжаттарын тапсырды.  

ЖСДП президент сайлауына қатыспайтын болды.​

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу