ҚКХП президенттікке кандидатын ұсынды

2103

Бүгін Қазақстан коммунистік халық партиясының кезектен тыс XIV съезі өтті. 

ҚКХП президенттікке кандидатын ұсынды Фото: egemen.kz

Съезд барысында 2019 жылы 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауына партия атынан кандидат ұсынылды. Партия мүшелері кеңесе келе, Жамбыл Аужанұлы Ахметбековтің сайлауға түсуін қолдады.

Жамбыл Ахметбеков 1961 жылы Целиноград облысы, Қорғалжын ауданы, Жантеке селосында туған. Целиноград ауылшаруашылығы институтын бітірген. Еңбек жолын 1983 жылы Қорғалжын кеңшарында механик ретінде бастаған. Әр жылдары түрлі қызметтерді атқарған, тәжірибелі маман.

Ал 2005-2011 жылдар аралығында –ҚКХП орталық комитетінің аппарат басшысы, хатшысы болды.

2012 жылғы қаңтардан бастап –ҚР парламенті мәжілісінің депутаты, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, Коммунистік халық партиясы орталық комитетінің хатшысы.

Айта кетейік, бұған дейін "NUR OTAN", "Ақ жол" партиялары өз үміткерлерінің есімін жариялаған болатын.

"Ұлы дала қырандары" республикалық қоғамдық бірлестігі атынан қоғам қайраткері, жазушы-журналист Сәдібек Түгел кандидат ретінде тиісті құжаттарын тапсырды. Сондай-ақ, Қазақстан кәсіподақтар федерациясы президенттікке кандидатын ұсынды.

"Ауыл" партиясы президенттікке Төлеутай Рахымбековты ұсынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу