ЖСДП президент сайлауына қатыспайды

1155

Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның кезектен тыс съезі өтті. 

ЖСДП президент сайлауына қатыспайды

Өздерін оппозициялық партия санайтын қоғам белсенділері Ермұрат Бапиды бұл лауазымға әдбен лайық деп санайтындарын айтқан еді. Алайда Ермұрат Бапидің өзі саяси додаға қатысудан бас тартатынын мәлімдеді.  

Айта кетейік ол Шығыс Қазақстан облысының тумасы. Еңбек жолында түрлі лауазымдарда болған, Премьер-министрдің баспасөз қызметін де басқарған.

Еске сала кетейік Орталық сайлау комиссиясы құжаттарды қабылдауды 28 сәуір күні сағат 18:00-де тоқтатады. Ал қазақстандықтар 25 мамырдан бастап дауыс берушілер тізімінде бар-жоғын тексере алады.

Айта кетейік, бұған дейін "NUR OTAN", "Ақ жол", ҚКХП партиялары өз үміткерлерінің есімін жариялаған болатын.

"Ұлы дала қырандары" республикалық қоғамдық бірлестігі атынан қоғам қайраткері, жазушы-журналист Сәдібек Түгел кандидат ретінде тиісті құжаттарын тапсырды. Сондай-ақ, Қазақстан кәсіподақтар федерациясы президенттікке кандидатын ұсынды.

"Ауыл" партиясы президенттікке Төлеутай Рахымбековты бекітті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу