Қазақстан Мажарстанмен атом саласында кадрлар даярлау бойынша келіспек

1076

Энергетика министрлігі Мажарстанның Инновациялар және технологиялар министрлігімен атом саласында қазақстандық кадрларды даярлау және оқыту бойынша меморандум жасасу мәселесін пысықтауда, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.  

Қазақстан Мажарстанмен атом саласында кадрлар даярлау бойынша келіспек

Меморандумға сәйкес тараптар бірлескен білім беру бағдарламаларын ұйымдастыруды, бакалавриат, магистратура, аспирантура бағдарламалары бойынша білім алушылармен және оқытушылармен алмасуды, оқу және ғылыми әдебиетті әзірлеуді, қысқа мерзімді тағылымдамалар мен семинарларды ұйымдастыруды қоса алғанда, атом саласы үшін кадрлар даярлау саласында ынтымақтастықты жүзеге асыруға ниет білдіреді.

Қазақстанның атом энергетикасында мол тәжірибесі бар екенін атап өткен жөн. Ақтау қаласында 1973-1999 жылдары жылдам нейтрондардағы әлемдегі алғашқы өнеркәсіптік БН-350 реактор сәтті қолданылды.

Қазіргі уақытта 3 зерттеу реакторы сәтті пайдаланылуда – ИГР және ЖТГСЗ.1М  ҚР "Ұлттық ядролық орталығында" (Курчатов қ.), ВВР-К ядролық физика институтында (Алматы қ.).

Ядролық және радиациялық қауіпсіздік тұрғысынан зерттеу реакторларына энергетикалық реакторлардан кем емес қатаң талаптар қойылады, олар көптеген жылдар бойы ойдағыдай орындалып келеді, бұл оларды қауіпсіз пайдаланудың ұзақ тарихымен расталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу