Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штатына енгізілген өзгерістер "Ашық заңды және заңды тұлғалар" сайтында жарияланды. Десе де еліміздің көптеген мектептерінде педагог-профориентатор мамандар жұмысын бастап кетті.
Педагог-профориентатор балаларға болашақ мамандығын таңдауға көмектеседі. Ақмола облысындағы екі мектепте мұндай мамандардың жұмыс істеп жатқанына 2 жылдай уақыт болған.
"Негізінен мектептерде кәсіптік бағдар беру маманының жұмысын директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілері істейді. Кәсіптік бағдар беру жұмысының жоспарына сәйкес сыныптан тыс іс-шаралар, экскурсиялар, ата-аналардың шақыруымен сынып сағаттары, көрмелер, түрлі байқаулар өткізіледі", – дейді Ақмола облысы Білім басқармасының әдістемелік орталығының тәрбие ісі жөніндегі әдіскері Сәуле Төлемісова.
Ирина Терентьева мектепте 28 жыл бойы педагог-психолог болып жұмыс істесе, соңғы екі жылда педагог-профориентатор қызметін атқарып келеді.
Балалармен және олардың ата-аналарымен әңгіме жүргізеді, облыстағы колледждер мен жоғары оқу орындарына экскурсиялар ұйымдастырады.
Келер жылдан бастап бейіндік сыныптарды енгізу жоспарланып отыр. Оқушылар кәсіптік-техникалық колледждерге барады.
Кейін балалар оқуды бітірген соң курстардан өткені жайлы сертификат немесе куәлік алады. Атап айтқанда, аспаз немесе жүргізуші деген секілді.
"6-сыныпта біз қызығушылық картасы арқылы диагностиканы бастаймыз. Бұл әр мектепте 7-сыныптан бастап өткізіледі. Сонда вариативті сағаттарды таңдауға болады", – дейді мұғалімнің өзі.
Қазақстандықтар мамандық таңдауда балаларына жан-жанжақты қолдау көрсететінін айтты.