Қазақстан мен Қытайдың кеден статистикасында 7 есе айырмашылық бар

2082

"Көлеңкелі экономиканы тұтынушылардың құқығын көтеру арқылы ғана жеңуге болады".  

Қазақстан мен Қытайдың кеден статистикасында 7 есе айырмашылық бар

Шағын және микробизнес үшін жарияланған үш жылдық мораторидің көлеңкелі бизнеске қатысы шамалы. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде журналистердің сауалына жауап берген "Атамекен" ҰКП басшысы Абылай Мырзахметов айтты.

"Мораторий мен көлеңкелі бизнестің тікелей байланысы бар деп айта алмаймын. Өйткені көлеңкелі бизнес көптен бері келе жатқан мәселе. Естеріңізде болса,  тоқсаныншы жылдары базар экономикасының дамуы сауда саласында белең алған болатын. Әр түрлі сараптама бар. Шамамен 25-30 пайыз экономикамыз көлеңкеде деп айтуға болады. Мұның бәрі негізінен сауда саласы болып отыр. Ол тек мораториге ғана байланысты емес. 10-15 жыл бойы трікеуден тыс жұмыс істеп жүргендер бар. Яғни, мораторийге қатысы жоқ салада жұмыс істеп отыр. Ол негізінен Қытайдан келетін тауарларға байланысты. Өздеріңіз жақсы білесіздер, Қытай мен Қазақстанның кеден статистикасында 7 есе айырмашылық бар. Көлеңкелі экономиканың дамуына негізгі бір тетік осы деп айтсам болады. Көлеңкелі экономиканың барлық себептері белгілі. Үкіметтің бұл жөнінде үлкен жоспары бар. Былтыр Елбасының тапсырмасымен кеденннен түсетін салық жүктемесі 200 млрд теңгеге өсірілді", - деген Абылай Мырзахметов дамыған елдердің тәжірибесіне де тоқталды.

"Ал сантиарлық-эпидемиологиялық жағын дұрыс айтып отырсыз. Сейсенбі күні "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Заң қабылданды. Оған біз де өз бастамаларымызды ұсынғанбыз. Тұтынушының құқығын қорғайтын мекемелердің "Атамекен" сияқты мықты ұйымы болуы керек. Кәсіпкер мен тұтынушының арасында тепе-тең әгіме болғанда ғана  санитарлық-эпидемиолгиялық жағдай реттеледі. Дамыған елдер осындай саясат ұстанады", - деді ол.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу