Қазақстан мен Өзбекстан ортақ су мәселесін талқылады

851

Қазақстан мен Өзбекстан ортақ су мәселесін талқылады

8-9 желтоқсан күндері Ташкентте Қазақстан мен Өзбекстанның жұмыс топтары су қатынастарының барлық бағыттары бойынша әріптестікті тереңдете түсуді қарастыратын жиын өткізді. Бұл туралы CA-News (Uz) ақпарына сүйенген egemen.kz хабарлайды.

Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметі таратқан мәліметке қарағанда, достық рәуіште және байырқалы жағдайда өткен кездесуде екі елдің мұның алдында жоғары деңгейдегі өткен келіссөздер барысында қол жеткен келісімдердің жүзеге асырылу жайы жан-жақты талқыланған. Кездесуге Қазақстан делегациясын ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев бастап барса, Өзбекстан жағын ауыл және су шаруашылығы министрінің орынбасары Шавкат Хамраев басқарған.

Басқосудың қорытындысы бойынша тиісті хаттамаға қол қойылды. Жұмыс тобының келесі кездесуі Қазақстан аумағында өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу