Қазақстан мен Ресей біртұтас энергетикалық жүйелердің жұмысын қамтамасыз етуді көздеп отыр

445

Энергетика министрлігі Қазақстан мен Ресей Федерациясының біртұтас энергетикалық жүйелерінің қатарлас жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы келісім жобасын әзірледі. 

Қазақстан мен Ресей біртұтас энергетикалық жүйелердің жұмысын қамтамасыз етуді көздеп отыр Фото: inbusiness.kz

Тиісті құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды, деп жазады inbusiness.kz.

Құжат Қазақстан БЭЖ-і мен Ресей БЭЖ-інің қатарлас жұмыс істеуін қамтамасыз ететін бірқатар шаралардан тұрады:

  1. Қазақстан БЭЖ-і арқылы Ресей Федерациясынан беруге жоспарланатын электр энергиясының көлемдерін Тараптар мемлекеттерінің тарифтерді мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті органдарының жыл сайын келісуі;
  2. "Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания" ("KEGOC" АҚ) мен "Интер РАО ЕЭС" жария акционерлік қоғамы (Ресей Федерациясы) арасында жасалған шарттар (келісімшарттар) бойынша электр энергиясы ағындарының нақты мемлекетаралық сальдосының жоспардағыдан ауытқуларының сағаттық көлемдерін өтеу мақсатында электр энергиясын сатып алу және сату көзделетін қажетті шараларды қабылдайды.

Тараптардың электр энергиясы ағындарының нақты мемлекетаралық сальдосының жоспардағыдан жол берілетін орташа сағаттық ауытқуының шамасынан асатын ауытқуларды энергия жүйелерінің қалыпты жұмыс режимінен ауытқу ретінде қарайтыны, осындай ауытқуларды барынша азайтуға бағытталған шараларды қабылдайтыны жазылған.

"Тараптар KEGOC пен Россети, БЭЖ ЖО арасындағы қатарлас жұмыс істеу туралы; KEGOC пен Россети арасындағы Қазақстан Республикасының электр желілері арқылы электр энергиясын беру жөнінде  қызметтер көрсету туралы; KEGOC пен Интер РАО арасындағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының шекарасы арқылы электр энергиясын беру кезінде туындайтын электр энергиясы ағындарының нақты мемлекетаралық сальдосының жоспардағыдан ауытқуларының сағаттық көлемдерін өтеу үшін электр энергиясын сатып алу және сату туралы; Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының шекарасы арқылы берілетін электр энергиясының мөлшерін сағаттық есептеу және KEGOC пен Россети арасындағы электр энергиясын есепке алудың сағаттық деректерін күн сайын алмасу мен келісуді ұйымдастыру тәртібі туралы шарттарды (келісімшарттарды) бір мезгілде жасасуға Тараптар мемлекеттерінің шаруашылық жүргізуші субъектілеріне жәрдемдеседі", - деп жазылған құжатта.

Бұдан бөлек құжаттың белгіленбеген мерзімге жасалатыны, екі елдің оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күшіне енетіні жазылған. Сондай-ақ 2022 жылғы 1 қарашадан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады, деп көрсетілген.

Құжатты көпшілік талқылау 12 қазанға дейін жалғаспақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу