Инсулинді "СК-Фармация" ЖШС сатып алады, оны кейіннен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарына жеткізеді. ТМККК шеңберінде жазылған, берілген барлық рецептілер мен алынған дәрілік заттарды есепке алу, сондай-ақ факт бойынша амбулаториялық деңгейде дәрілік қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесінде (ДҚАЖ) мониторинг жүргізіледі және бақыланады.
ҚР заңнамасына сәйкес Республика аумағына айналымға түсетін дәрілік заттар қаптамаға басылған (бастапқы және қайталама) таңбамен, қазақ және орыс тілдерінде жақсы оқылатын қаріппен, медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен (қосымша парақ) жабдықталады.
Сондай-ақ, ТМККК және МӘМС шеңберінде жедел, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсетуге арналған дәрілік заттар түскен кезде медициналық ұйымның мөртабасымен (медициналық ұйымның атауын, оның мекенжайын көрсете отырып және "Тегін"деген белгімен) белгіленеді.
Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігінен алынған алдын ала ақпарат бойынша Өзбекстан аумағындағы Апидра, Лантус, Виктоза дәрілік препараттары қазақстандық нарыққа арналмаған орамдарда сатылады.
Осыған байланысты, Қазақстанда іске асыруға арналған Өзбекстан нарықтарында пайда болу мүмкіндігіне қатысты түсініктемелер барлық мән-жайлар анықталғаннан кейін ұсынылатын болады.