Үкімет отрысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов елімізде көмір өндіру көлемі неге төмендегінін түсіндірді.
"Көмір мен лигнит өндіру көлемі 97,3%-ды құрады. Көрсеткіштер көмір өндіруші кәсіпорындарда өндірістің азаюы салдарынан төмендеді. Бұл аталмыш шикізаттың шамамен 55-60%-ын пайдаланатын электр станциялары мен өнеркәсіп ошақтарының көмір өнімдерін пайдалануды қысқартуымен байланысты", - деген министр есесіне экспортта өсім бар екенін сүйіншілеп жеткізді.
"Сонымен бірге, көмір экспорты бойынша Ресей Федерациясы бағытында оң динамика байқалады. Экспорт 102,6%-ға өсіп, 15,3 млн тоннаны құрады", – деді Бейбіт Атамқұлов.
Есімжан Нақтыбайұлы