Қазақстан шамамен 837 млн долларға көмір экспорттады

418

Көмір экспорты тоннамен есептегенде небәрі 2%-ға, ақшалай 88%-ға өсті.      

Қазақстан шамамен 837 млн долларға көмір экспорттады Фото: depositphotos.com

Экспорттық кірістің негізі Еуропа елдеріне жеткізілетін тауарлар есебінен құралатынын атап өткен жөн. Бұл туралы inbusiness.kz Energyprom.kz. сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

2022 жылғы қаңтар–желтоқсанда елімізде қоңыр көмір мен көмір концентратын қоса алғанда 118 млн тонна тас көмір өндірілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2%-ға артық.

Өндірістің жалпы көлемінің 90,5%-ы әдеттегідей екі негізгі өңірге - Павлодар және Қарағанды облыстарына тиесілі болды. Павлодар облысында өткен жылмен салыстырғанда 2,2%-ға көп, 68,4 млн тонна көмір өндірілді, ал Қарағандыда өндіріс керісінше 2,5%-ға кеміп, 38,3 млн тоннаны құрады.

Тас көмір өндіру 108,1 миллион тоннаны құрады–2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларына қарағанда 1,3%-ға көп. Оның ішінде кокстелетін көмір өндіру 7,6 млн тоннаны құрап, бір жылда 16,4%-ға қысқарды. 2022 жылы 17,9 млн тонна энергетикалық көмір өндірілді, оның көлемі бір жылда бірден 14,9%-ға төмендеген.

Қоңыр көмір (лигнит) өндіру 16,9%-ға, 5,8 млн тоннаға дейін, көмір концентраты - 2,5%-ға, 4,1 млн тоннаға дейін өсті.

2022 жылғы қаңтар-қарашаның қорытындысы бойынша Қазақстан құны 836,9 млн доллар болатын 27,2 млн тонна тас көмірін экспортқа шығарған. Тоннамен есептегенде өсім небәрі 2,2% құраса, алайда ақшалай мәнде өсім бірден 87,6%-ға шарықтаған.

ТМД елдеріне 18,7 млн тонна көмір жөнелтілді - бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,9%-ға аз. Мұнда ҚР-дан экспорттың негізгі бағыты Ресей болды, ол 17,2 млн тонна көмір әкелді. Бұл былтырғы көрсеткіштен көп. Қазақстандық көмірді импорттаушылардың үштігіне Қырғызстан мен Өзбекстан да кірді.

Әлемнің басқа елдеріне 8,5 млн тонна көмір экспортталды - бұл өткен жылмен салыстырғанда 58,1%-ға көп. Ақшалай түрде экспорт көлемі 6,3 есеге, 572,4 млн долларға дейін ұлғайды. Мұнда қазақстандық көмірдің негізгі импорттаушылары Швейцария, Польша мен Кипр болды.

Ел ішінде көмір бағасы өткен жылдың желтоқсан айының қорытындысы бойынша жылдық қарқынмен 9,3%-ға өсті.

Бағаның ең жоғары өсімін Ұлытау облысының тұрғындары сезінді: бір жылда 59,6%-ға. Одан кейін Солтүстік Қазақстан (23,5%) мен Ақтөбе (22,8%) облыстары тұр.

Қызылорда облысында баға аса өсе қоймаған, өсім небәрі 1,3%-ды құрайды. Батыс Қазақстан облысында бағалар 2021 жылғы желтоқсан деңгейінде қалды.

Сонымен қатар, ҚР премьер-министрі өңірлік операторлардың көмірді бөлу жөніндегі қызметін талдау және өнімсіз делдалдарды айналып өтіп, әлеуметтік нысаедар мен халыққа тікелей өндіру орындарынан отын жеткізудің жаңа тетігін пысықтау қажеттігін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу