Қазақстан түрмеге қамалғандардың саны бойынша 223 елдің арасында 98-орынға ие болды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы finprom.kz-ке сілтеме жасап.
ТМД елдерінің арасында Түрікменстан 2-орында. Кейін Беларусь (20-орын) пен Ресей (24-орын) тұр. Әзербайжан 63-орында, Молдова 79-орында, Қырғызстан 96-орында.
Қазақстанмен салыстырғанда Украина (108-орын), Тәжікстан (161-орын), Армения (174-орын) және Өзбекстан (179-орын) көрсеткіші жақсы болып саналады.
Түрме рейтингісінің көшбасында АҚШ (1-орын) пен Сальвадор (3-орын), соңында Сан-Марино (223-орын) тұр. Онда бірде-бір тұтқын жоқ.
222-орынды Гвинея-Бисау иеленді: 196 тұтқын немесе 100 мың тұрғынға шаққанда 10 сотталушы бар.
2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте Қазақстанда 47,4 мың адам қылмыс жасаған, өткен жылмен салыстырғанда 17,1%-ға аз. Қылмыстар көбінесе Алматы облысы (5,6 мың адам заң бұзған, бір жылда минус 14,2%), Алматы қаласы (5,4 мың адам, бір жылда минус 13,3%) және Шығыс Қазақстан облысында (4 мың адам, бір жылда минус 22,3%) тіркелген.
Қызылорда облысында қылмыс көрсеткіші өте төмен (1,2 мың адам заң бұзған, бір жылда минус 24,3%).
Қылмыс жасағандардың ішінде 1 мыңнан аса адам кәмелет жасына толмаған, 6,3 мың әйел, 736 оқушы бар. 1,1 мың құқықбұзушы – ТМД азаматы, 135 адам – шетелдік азамат.
3,3 мың жұмысшы, 822 мемлекеттік қызметкер, 639 жеке кәсіпкер, 37,8 мың жұмыссыз заң бұзған.
Қылмыс жасағандардың арасында 276 ішкі істер қызметкері, 6 ҰҚК қызметкері, 4 прокуратура қызметкері, 8 экономикалық тергеу қызметкері, 2 сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінің қызметкері, 8 әкім, 5 судья, 1 депутат, 6 сот орындаушысы бар.
Елде меншікке қарсы қылмыс жиі жасалады: 29,8 мың адам, өткен жылмен салыстырғанда 19,7%-ға аз. Сондай-ақ адамның жеке басына, денсаулығына қарсы жасалған құқықбұзушылық жиі тіркелген.
Дәурен Ерболат