Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов шетелде сотталған қазақстандықтардың жалпы санын атады.
"Шетел түрмелерінде 200-ден Қазақстан азаматы бар. Оның көбі ТМД елдерінде сотталған. Біздің түрмелерде де 500-ден аса басқа елдің азаматтары отыр. Олар – көбінесе Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан азаматтары. Экстрадициялау шарттары оң ықпалын беріп жатыр. Жуырда ғана Дубайда қылмыс жасаған бір азаматымыз қайтарылды. Испания бір азаматымызды ұстады, бергелі отыр. Қазір ол азамат бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. Сондықтан оның кім екенін, қандай қылмыс жасағанын толық айтуға мүмкіндік жоқ", – деді Марат Ахметжанов.
Айта кетейік, бүгін Сенат қабырғасында Бразилиямен Қазақстан арасында қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек, тұлғаларды ұстап беру және сотталған азаматтармен алмасу туралы заң жобасын ратификациялау мәселесі қаралып, Парламенттің кеңейтілген отырысына енгізу туралы шешім қабылданды.
Есжан Ботақара