Қазақстан ҰОК бүгін жылдың үздік спортшыларын марапаттайды

904

Ұлттық Спорттық Жүлде үміткерлеріне дауыс беру 29 қараша күні 23:59-да аяқталды. 

Қазақстан ҰОК бүгін жылдың үздік спортшыларын марапаттайды

Бүгін Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ұйымдастуырмен өтетін "Altyn Samǵaý-2019" Ұлттық Спорттық Жүлдесінің жеңімпаздары анықталып, ел спортының үздіктері марапатталады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Салтанатты рәсім 30 қараша күні сағат 18:00-де "Қазақстан" Орталық концерт залында өтеді. Кеш барысында биылғы маусымдағы ең үздік спортшылар мен бапкерлер, спорттық федерациялар мен аймақтардың аты белгілі болмақ

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ұйымдастырумен өтетін дәстүрлі жүлде 9 аталым бойынша үздіктерді анықтады.

15-30 қараша аралығында жанкүйерлер ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ресми сайтында өз үздіктеріне дауыс берді:

  1. "Жазғы спорт түрлері бойынша үздік спортшы"
  2. "Қысқы спорт түрлері бойынша үздік спортшы"
  3. "Үздік жас спортшы" 
  4. "Жазғы спорт түрлері бойынша үздік жаттықтырушы" 
  5. "Қысқы спорт түрлері бойынша үздік жаттықтырушы" 
  6. "Олимпиадалық спорт түрлері бойынша үздік ұлттық спорт федерациясы" 
  7. "Үздік спорттық аймақ" (облыс және республикалық деңгейдегі қалалар, сондай-ақ, елордадағы дене шынықтыру және спорт басқармасы) 
  8. "Жыл жаңалығы"                                  
  9. "Жылдың үздік командасы"

Сондай-ақ, бүгін паралимпиадалық спорт түрлері бойынша үздік спортшы мен жаттықтырушы, ғылыми-кешенді топтың үздік маманы анықталады.

Марапаттау рәсімінде Қазақстан ҰОК  "Қазақстан спортының майталманы" атты арнайы жүлдені табыстайды. Салтанатты кеште отандық спорт майталмандарымен қатар, қоғам қайраткерлері, ірі бизнесмендер мен медиа тұлғалар, қазақ эстарадасының жарқын жұлдыздары сахнаға шығаы. Атап айтар болсақ марапаттау кешінде "Ninety One" тобы, НаZима, "Молданазар" тобы, Say Mo, Қуандық Рахым, Нағима Есқалиева, Айгүл Бабаева, Айжан Нұрмағамбетова, Дастан Оразбаев, Кәмшат Жолдыбаева және өзге де әншілер қонақ болмақ. Марапаттау кешінде жанкүйерлерді де тосынсый күтіп түр. 

Бүгінгі кеште 2020 жылы Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына аттанатын жолдама иегерлері анықталады. Жеңімпаздар жүлдеге билет алғандар арасынан кездейсоқ таңдалады. 

Еске сала кетейік, Ұлттық Спорттық Жүлде үміткерлеріне дауыс беру 29 қараша күні 23:59-да аяқталды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу