"Қазақстан вагон жасау компаниясының" 117,6 млн теңге қарызы бар

1010

Екібастұздың экономикасына серпін әкеледі деген вагон жасау компаниясының қыстан бері жұмысы тоқтап тұр. 

"Қазақстан вагон жасау компаниясының" 117,6 млн теңге қарызы бар

Екібастұздағы "Қазақстан вагон жасау компаниясы" үш айдан бері жұмысшыларына еңбекақы төлей алмай отыр. Жалақы қарызы 118 млн-ға жуықтаған. Кәсіпорынға ескерту беріліп, айыппұл да салынған. Өңірдің еңбек басқармасы енді компанияны сотқа берді. 

Кезінде, Екібастұздың экономикасына серпін әкеледі деген "Қазақстан вагон жасау компаниясының" қыстан бері жұмысы тоқтап тұр. Басты себеп өнімге деген сұраныс азайған. Еңбектен еріксіз қол үзген 508 жұмысшыға компания қыстан бері 50% жалақы төлеп келген. Соңғы үш айдан бері жұмысшылар қызыл тиынға да жарымай қалды. Компанияның қайтадан аяқтан тұрып кетуіне сенбегендер жұмыстан кетіп те жатыр. Қазір зауытта 370-тей адам қалған.

500-ден аса еңбеккерге кәсіпорын үш айдың ішінде 117,6 млн теңге қарыз болып қалды. Еңбек басқармасы компанияға бірнеше рет ескертулер беріпті. Нәтиже шықпаған соң сотқа берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу