Alaqan Мektep жүйесі идентификатор ретінде алақан тамырларының биометриясына негізделген, ол саусақ ізімен салыстырғанда күрделірек және өзіндік ерекшеліктері бар.
Облыс әкімі Ералы Тоғжанов жүйенің жұмыс істеу барысымен және оның артықшылықтарымен танысты.
Мектеп-лицей өкілдерінің айтуынша, Alaqan Mektep - білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ететін және оқу процесін цифрландыруға мүмкіндік беретін бірыңғай экожүйе. Алақанды сенсорға қою арқылы оқушылар кітапханадан кітаптар алып-тапсырып, асханада төлем жасай алады. Ал ата-аналар баланың мектептен келу және кету уақыты туралы біле отыра, мобильді қосымша арқылы асханада балаларының мәзірі мен шығындарын бақылай алады.
Alaqan Mektep көмегімен кітапхана жұмысын автоматтандыру арқылы оның қызметін жаңа деңгейге шығаруға, мектептер арасындағы кітаптар қозғалысының процестерін цифрландыра отырып, өңірдегі барлық мектептердің бірыңғай кітап қорын құруға мүмкіндік береді.
"Білім беру нысандарында басым міндеттердің қатарында қолайлы және қауіпсіз ортаны қалыптастыру. Жобаның тиімді жүзеге асуы нәтижесінде оның ауқымын кеңейту мәселесі қарастырылады", - деп қорытындылады облыс әкімі.