Нәтижесінде, құзғын юрктен (Fringilla montifringilla) озып шықты, оларға сәйкесінше 60% және 40% дауыс берілген.
Құзғын (Neophron percnopterus) – сұңқар тәрізділер отрядының қаршыға тұқымдасына жататын жұртшылар туысының бір жалғыз түрі, жыртқыш құс. Қазақстанда Тянь-Шань тауының сілемдерін, Үстірт пен Маңғыстаудың құлама жарларын мекендейді.
Дене тұрқы 58-66 см, қанатының ұзындығы 1,6-1,7 метр (жайғанда), салмағы 2,5 килограмм. Тұмсығы ұзын әрі өте жіңішке болады. Ересектері сұрғылт түсті, қанаттарының шетінде қара жолақтары бар, басы мен жемсауы қауырсынсыз, тықыр. Балапандарының түсі – қоңырқай. Үнсіз, қалықтап ұшады.
Қазақстанда орта есеппен шамамен 502 жұп құзғын ұялайды. Бұл – саны азайып бара жатқан сирек кездесетін түр, ол Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. IUCN Қызыл тізімінде құзғын құрып кету қаупі төніп тұрған құстар тізіміне енгізілген, яғни бұл түрдің 20 жыл немесе 5 ұрпақ ішінде жойылу мүмкіндігі 20%-ды құрап отыр.
Құзғын Қазақстанға Үндістан, Пәкістан, Йемен және Сауд Арабиясынан қайтарыла бастайды.