Қазақстанда бизнес ашуға ниетті Өзбекстандық кәсіпкерлер көбейді

561

Қазірдің өзінде, 2 ел арасында 2,2 миллард долларға бағаланатын бірлескен 38 жоба жүзеге асып жатыр. 

Қазақстанда бизнес ашуға ниетті Өзбекстандық кәсіпкерлер көбейді Фото: aikyn.kz

Қазақстанда бизнес ашуға ниетті Өзбекстандық компаниялар көбейді. Кәсіпкерлер елімізде автокөлік құрастырудан бастап, болат өңдейтін зауытқа дейін ашпақ. Қазір бізде өзбек капиталымен 2600-ден астам кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Ал Өзбекстандағы Қазақстандық бизнестің үлесі 1260-тай. Көрші елдің инвесторларының қызығушылығы қай салаларға түсіп отыр? 

Биыл Қостанайда "шевролет" автокөлігін құрастыратын зауыттың құрылысы басталды. Ал, Қарағандыда тұрмыстық техника шығаратын кәсіпорын салынып жатыр. Өзбектер бұл бастамаларға 102 миллион доллордан астам қаржы бөлді. Тек осы 2 жобаның өзі 1600-ге жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтиды.

"Соңғы жылдары Қазақстандық нарыққа кіріп жатқан өзбекстандық кәсіпкерлер көбейді. Оған аймақтағы инвестициялық климаттың жақсаруы себеп. Әрі Өзбекстанда бәсекелестік жоғары ал Қазақстанда мүмкіндіктер көп. Енді 2 ел арасындағы логистикалық кедергілерді азайту керек. Сонда кәсіпкерлердің экономикалық белсенділігі арта түседі", - дейді Өзбек-Қазақ кәсіпкерлер қауымдастығының басшысы Сардор Мухамеддалиев.

Логистикалық мүмкіндіктерге байланысты шекаралас аймақтарда кәсібін ашқысы келетіндер көп. 

"Бізде газдың бағасы Өзбекстанға қарағанда арзандау. Бұрын сол керамзит, известь жасайтын өздері істейтін болса қазір бізде жасау арзанға түседі. Сол себепті Қызылордада жаңа зауыт салу бойынша тағы бір жобаны қарап жатыр известь пен керамзит шығаратын. Бұрын біз керамзитті Өзбекстаннан алатын болсақ, қазір керісінше Өзбекстан бізде салайық деген ниет білдіріп жатыр", - деп пікір білдірді Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов.

Ал Қарақалпақстанмен шектесетін бір Маңғыстауда 80-нен астам Өзбекстандық кәсіпорын бар. Облыс аймақтағы бірлескен компаниялар санын одан әрі көбейтуді көздеп отыр. 

"Біз үшін әлеуметтік маңызы бар тауарларды жеткізу мәселесі өте өзекті. Өйткені Маңғыстау көкөністердің басым бөлігін Өзбекстаннан алынады. Одан бөлек, мұнда тоқыма өнімдерінің класстері жақсы дамыған. Сондықтан жеңіл өнеркәсіп саласындағы кей жобалардың біздің өңірде бой көтеруіне қызығып отырмыз", - деді Маңғыстау облысы индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Венера Мұстапаева.

Өңдеу және жеңіл өнеркәсіп саласында Өзбекстанда бәсекелестік жоғары. Ал елімізде бұл бағыт ақсап тұр. Сондықтан Қазақстан нарығына қызығатын өзбекстандық кәсіпкерлер артқан. Бізде шикізат көп, көршімізде оны өңдей алатындар жетерлік. Енді еліміз өнеркәсіптік кооперацияны көбейтуді көздеп отыр. Қазірдің өзінде, 2 ел арасында 2,2 миллард долларға бағаланатын бірлескен 38 жоба жүзеге асып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу