Қазақстанда дәрі бағасы қымбаттады

1525

Әсіресе дәрумендер мен антибиотиктердің бағасы өскен.  

Қазақстанда дәрі бағасы қымбаттады

Еnergyprom мәліметтеріне сүйенсек, жыл басынан бері елімізде дәрі-дәрмек өндірісі 56,6 млрд теңгеге, өзге препараттар шығару көлемі 4,1 млрд теңгеге жетті. Оның ішінде негізгі өндіріс орындары еліміздің үш өңірінде шоғырланған. Атап айтсақ Шымкен, Алматы, Алматы облысы. 

IQVIA халықаралық сараптамалық орталық мәліметеріне сүйенсек, 2019 жылдың бірінші жартысында еліміздің фармацевтикалық нарығындағы алдыңғы қатарлы компаниялар тізіміне шымкенттік "ХимФарм" АҚ пен алматылық "Нобел АФФ" АҚ кіреді. Олардың отандық нарықтағы үлесі "ХимФарм" АҚ - 5,9%, "Нобел АФФ" АҚ - 4,3%-ды құрайды. 

Жалпы жыл басынан бері дәрілік препараттар қымбаттауда. Әсіресе дәрумендердің бағасы 11,4%-ға, анальгетиктер 10,6%-ға, корвалол мен антибиотиктер бағасы 9,3%-ға жоғарылаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу