Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы 10% қымбаттады

408

Елімізге дәрі-дәрмектің көп бөлігі Ресейден келеді.

Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы 10% қымбаттады Фото: inbusiness.kz

Биыл тамыздың соңында Қазақстанда фармацевтикалық өнімдердің бағасы бір айда 0,3%, бір жылда 9,8% өсті.

2023 жылғы қаңтар–шілде айларында негізгі фармацевтикалық өнімдер мен препараттар өндірісі бір жыл бұрынғы 90,7 млрд теңгемен салыстырғанда 86,7 млрд теңгені құрады. Ақшалай көрсеткіштің жылдық төмендеуі 4,4%. Бұл туралы energyprom.kz жазды.

Өңірлер бойынша ең көп өнім көлемі Шымкентке тиесілі: бір жыл бұрынғы өнім көлемі 32,7 млрд теңге болса, биылғы өнім көлемі 26,9 млрд теңге. Екінші және үшінші орында Алматы облысы (25,3 млрд теңге) және Алматы (16,2 млрд теңге) қалалары тұр.

2023 жылдың қаңтар–маусым айларында Қазақстан 694,2 млн АҚШ долларына 13,9 мың тонна дәрі-дәрмек импорттады. Физикалық мәнде өсім 11,9%, ақшалай керісінше, 3,7% төмендеген.

Қазақстанға ТМД елдерінен 62,7 млн АҚШ долларына 4 мың тонна дәрі-дәрмек әкелінді. Ең көп Ресейден әкелінді: 2,9 мың тонна, былтырғыдан 14,7% аз. Негізгі бес жеткізушілердің қатарына Беларусь, Украина, Өзбекстан және Молдова кірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу