Елде бала туу көрсеткішінің өсуі, жастар үлесінің артуы және еңбекке қабілетті жастағы тұрғындар санының азаю тенденциясы байқалуда, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы energyprom.kz-ке сілтеме жасап.
2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы еңбекке қабілетті халықтың үлесі (15 жастан зейнеткерлік жасқа дейін) тұрғындардың барлық санының небәрі 58,4%-на тең, бір жыл бұрынғы көрсеткіш – 59,1%, бес жыл бұрын – 61,6%, 2011 жылы – 64%.
Сондай-ақ зейнеткерлер үлесі артуда – 11,4%, 2020 жылғы көрсеткіш – 11,4%, бес жыл бұрын – 10,6%, 2011 жылы – 9,9%, 15 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердің үлесі 30,3%-ға артқан, 2020 жылғы көрсеткіш – 29,9%, бес жыл бұрын – 27,8%, 2011 жылы – 26,1%.
Сонымен қатар беби-бумды ескерсек, соңғы аталған тенденция күшейе түседі: 2021 жылғы бірінші тоқсанда елде 100,5 мың сәби дүниеге келген – бұл соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткіш.
Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда жаңадан дүниеге келген сәбилер санының өсуі – 8,4%. Осылайша Қазақстанда балалар, жасөспірімдер және қарттар үлесі артады. Осы жағдайда отандық бизнеске жұмыс істеуге тура келеді.
Биыл екінші тоқсанның қорытындысы бойынша жұмыс берушілердің "сүйікті жасы" 25-тен 44 жасқа дейін жұмыспен қамтылғандар үлесі 54,9%-ға дейін қысқарған, өткен жылғы көрсеткіш – 55,3%. Бұл елде жас және егде жастағы қызметкерлер саны артып келе жатқанын көрсетеді.
2020 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш – 55,7%, екі жыл бұрын – 57,4%.
Сонымен қатар екі жылда 45 жастан асқан қызметкерлердің үлесі (және зейнеткерлік жасқа дейін) 30,8%-дан 31,4%-ға дейін, 16-дан 24 жасқа дейінгі жас қызметкерлердің үлесі (техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері (ТжКБ) және ЖОО түлектері) 11,2%-дан 12%-ға дейін өсті.
Бұл тенденцияларды ескерсек еңбек нарығына өзгеріс қажет. Алайда осыған қарамастан әлемдегі сияқты Қазақстанда да эйджизм яғни мамандарды жасына байланысты кемсітушілік бар.
Жұмыс берушілер 25-26 жастан 45-46 жасқа дейінгі қызметкерлердің еңбек еткенін қалайды. Бірақ алдағы уақытта осы жастағы мамандардың үлесі азая түседі. Сондықтан бизнес тиімді жұмыс істеудің әдісін табуы керек.
Дәурен Ерболат