Қазақстанда жыл басынан бері қос елдің азаматтығын иеленгені үшін 581 азамат әкімшілік жауапқа тартылды, деп мәлім етті ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, Қазақстан азаматтығынан шыққан 281 адамға Қазақстан азаматының төлқұжатын, жеке куәлігін пайдаланғаны үшін айыппұл салынды. Шетел азаматтығын алғаны туралы хабарламағаны үшін 294 адам жауапқа тартылды. Олардың 166-сына айыппұл салынып, 128-і елден қуылды, делінген ведомствоның хабарламасында.
Қазақстанда Конституцияға сәйкес республика азаматының өзге мемлекеттегі азаматтығы заңмен мойындалмаған. Осыған байланысты, егер тұлға өзге мемлекеттің азаматтығын алған болса, оның Қазақстан азаматтығы күшін жояды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу