Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Төраға орынбасары Зауре Ахметованың айтуынша, көп жағдайда адамдар болары болып, бояуы сіңгеннен соң ғана медициналық көмекке жүгінеді.
– 2019-22 жылдар аралығында құтырма ауруынан 6 жағдай тіркелді. Оның ішінде 3 бала ауырған. Құтырма ауру себебі, жануарлардың тістеуі болған. Барлық жағдайда науқастар медициналық көмекке симптомдар пайда болғаннан кейін ғана жеткізілген. Барлық науқас құтырма ауруынан қайтыс болды. Жыл сайын республика бойынша 50 мыңнан астам адам жан-жануарлармен байланысты медициналық көмекке жүгінеді. Оның 99 пайызы профилактикалық вакцинация алады, тек 1 пайызы ғана бас тартады, – деді ол.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары жануарлардың әсерінен медициналық көмекке жүгінгендердің арасында балалардың да көп екенін жеткізді.
– 2024 жылдың 10 айында медициналық көмекке жүгінген адамдардың саны 44266 адамды құрады. Оның ішінде ит тістегендердің саны – 32 345. Медициналық көмекке жүгінгендердің арасында 14 жасқа дейінгі балалардың саны – 17078. Адамдар арасындағы құтырма жағдайларының тіркелмеуіне қарамастан, жануарлардың тістеуі, тырнауына байланысты медициналық көмекке жүгінген кезде адамдар арасында инфекцияның таралмауына бағытталған іс-шаралар тізімі жүргізілді, – деп сөзін қорытындылады Зауре Ахметова.
Бүгін мәжілісте өткен "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесіне арналған дөңгелек үстел барысында тақырыпқа қатысты бірнеше ұсыныс та айтылды