Қазақстанда Toyota көліктері қайта құрастырылуы мүмкін

697

Қазіргі уақытта Қазақстандық өндірушілер жапондық компаниямен тиісті келіссөздерді жүргізіп жатыр.

Қазақстанда Toyota көліктері қайта құрастырылуы мүмкін

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев БАҚ өкілдеріне мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қазақстанда Toyota танымал брендтердің бірі. Қазіргі уақытта біздің өндірушілер жапондық компаниямен тиісті келіссөздерді жүргізіп жатыр, себебі бизнес арасында осындай процестер жүретіні түсінікті. Мемлекеттік органдармен бизнес-корпорациялар бұл мәселелерді талқыламайды. Бұл тұрғыда қаражат салу, өкілеттік, көлікті өткізу нарығын қамту сияқты тақырыптар пысықталады. 

Алайда бұл бастаманы нақты жүзеге асыру мүмкіндігі туралы ештеңе айта алмаймын. Егер Toyota өндірісі бізде ашылып жатса, бұл еліміздегі ең табысты жобалардың бірі болар еді", – деді деді Қ. Өскенбаев ОКҚ баспасөз мәслихатында.

Айта кетсек, 2014-2016 жылдары Қостанайдағы "Сары-Арқа АвтоПром" ЖШС өндірістік базасында Toyota Fortuner кроссоверлері құрастырылған.

Сондай-ақ 23 қыркүйекте БАҚ-та Toyota компаниясы Ресейдегі автокөлік құрастыру зауыттарын жабатыны туралы хабарланды. Бұл шешімге аталған елдегі жағдай әсер етіп отыр. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу