Қазақстанда вакциналау көрсеткіші әлі де төмен – зерттеу

685

Коронавирусқа қарсы вакцина жөнінде мұндай қорытындыға finprom.kz мамандары келіп отыр. Зерттеуге сүйенсек, Қазақстанда халықтың екпе алу көрсеткіші бүкіл әлем мен Азиядағы көрсеткіштен едәуір төмен, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстанда вакциналау көрсеткіші әлі де төмен – зерттеу

Зерттеуге сүйенсек, Қазақстанда халықтың екпе алу көрсеткіші бүкіл әлем мен Азиядағы көрсеткіштен едәуір төмен, деп хабарлайды inbusiness.kz.

2021 жылдың қаңтары мен мамыры аралығында елде денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер саласына салынған негізгі капитал бар-жоғы 41,9 млрд теңгені құрап, өткен жылғы көрсеткіштен қарағанда 12,3 пайызға азайған. Былтыр бұл көрсеткіш 47,7 млрд теңгеге жеткен еді.

Зерттеу жүргізген мамандар елдегі коронавирус жұқтырған адамдардың санын келтірген. 2020 жылдың 13 наурызынан бастап 2021 жылдың 1 шілдесі аралығында Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 428,8 мың адамды құрап, 4,4 мың адам көз жұмған. 2 шілдеге дейін елде 3,5 млн адам вакцинаның І компонентін, ал 2,1 млн адам ІІ компонентін салып үлгерген.

"Әлемдені ахуалды алып қарағанда worldometers.info статистикасына сүйенсек, коронавирусты жұқтыру жағдайлары АҚШ, Үндістан мен Бразилияда қиындап кеткен. Қазақстан 222 мемлекеттің ішінде 47-ші орында. Қазақстанға көршілес елдердің ішінде қауіпті ахуал Ресейде байқалады: бұл ел жұқтыру жағынан 5-ші орыннан көрінген. Қырғыз Республикасы бұл ретте 93-ші, ал Өзбекстан 96-шы орында", – дейді зерттеу жүргізген портал.

Our World in Data мәліметтері бойынша вакциналау жағынан ең жақсы көрсеткіш Мальта, Исландия мен Мэн аралдарында байқалған. Бұл елдерде вакцинаның жоқ дегенде І компонентін алғандардың үлесі халықтың 74%-дан 81%-на дейін жеткен. Қазақстан бұл рейтингте 86 елдің ішінде 58-ші орында тұр. Халықтың 17,76% ғана вакцинаның бірінші компонентін салдырды. Ал әлем бойынша бұл жағынан орташа көрсеткіш 23,52%, ал Азияда 23,74% құрайды.

MediaNet халықаралық журналистика орталығының жанындағы Demoscope қоғамдық пікірдің экспресс-мониторингі бюросы Қазақстан халқының ішінде вакциналауға қалай қарайтыны жөнінде талдау жүргізіп көріпті. Талдау барысында анықталғанындай, халықтың 34 пайызы пандемия басталғалы вакцинаны жақтаса, 9 пайызы оған күмәнмен қарай бастаған. 30 пайызы әрдайым вакцинаны қолдап келсе, 14 пайызы әлі де болса екпеге қарсылық танытып келеді.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу