"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 231-бабының 2-тармағына сәйкес, ҚР аумағында дәрілік заттар өндіруді Қазақстан Республикасының және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың тиісті өндірістік практикасына (GMP) сәйкес және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алынған лицензия негізінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер жүзеге асырады. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер дәрілік заттарды өндіру кезінде тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарын сақтауға міндетті", – дейді комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаев.
Демек, Қазақстандағы медициналық маскалар сертификатталған және қауіпсіз. Оларда құрттар мен басқа бөгде заттар жоқ.
Еске сала кетсек, көрінеу жалған ақпарат тарату ҚР ҚК 274-бабына сәйкес қылмыстық жауапқа тартылады.