Қазақстандағы жалғыз фельдъегерь-инкассатор әйел Асылай Баймақанова "Алтын көгершін" кәсіби сыйлығының иегері атанды, деп хабарлайды kostanaytany.kz.
Асылай Баймақанова пошталық байланыс саласында 17 жыл еңбек етіп келеді. Оның күн сайынғы қызметтік міндеті – арнайы, жедел және айрықша құжаттарды тиісті мекенжайларға жеткізу. Қарамағында төрт ер адам жұмыс істейді: үш жүргізуші-инкассатор және бір инкассатор.
Қостанай облысы Қарабалық ауданындағы пошта басшылығы Асылайдың Қазақстандағы бірегей әйел-инкассатор екенін растайды. Сондай-ақ, аудандағы қару ұстауға құқығы бар аз әйелдің бірі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу