Қазақстандық байқаушылар Өзбекстанда өткен сайлауға жоғары баға берді

836

Қазақстандық байқаушылар Өзбекстанда өткен сайлауға жоғары баға берді

Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасының Президентін сайлауды байқауға қатысты, деп хабарлайды 24 Хабар.

4 желтоқсанда Өзбекстан  Республикасы Президентінің сайлауы болды, бұл сайлау халықаралық қоғамдастық тарапынан зор қызығушылық туғызды. Сайлауға ЕҚЫҰ-ның демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросынан, Тәуелсіз мемлекеттер достастығынан, Шанхай ынтымақтастық ұйымынан, Дүниежүзілік сайлау органдарының қауымдастығынан және Ислам ынтымақтастығы ұйымынан, сондай-ақ 46 мемлекеттен 548 халықаралық байқаушы тіркелді. Қазақстандық 59 байқаушы, оның ішінде Ортсайлауком төрағасы Б.Имашев, Ортсайлауком мүшесі М.Сәрсембаев, Парламент Мәжілісінің депутаттары Ф.Каратаев, К.Ержан және Қазақстан өңірлерінің өкілдері, ең көп құрамды делегациялардың бірі болды. Қазақстандық делегация Өзбекстан астанасымен қатар өңірлерінде де президенттік сайлауды байқауға белсенді қатысты, сайлаудың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, учаскелік сайлау комиссияларының біліктілігін, сайлау процесінің ашықтығы мен айқындығын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу