Қыркүйек айының қорытындысы бойынша, қазақстандық банктердегі салым 16,98 трлн теңге болды. Бұл 2018 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 2,1%-ға көп.
Өткен жылы бұл сектордағы көрсеткіш 2016-2017 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 3,9%-ға кеміген болатын.
Дегенмен кейбір қаржы институттары бір жыл ішінде салым нарығындағы позицияларын айтарлықтай күшейтіп отыр.
Ranking.kz мәліметіне сүейенсек, банктер арасында жылдық салым өсімінің көлемі бойынша "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" көш бастап тұр. Бұл банктің салымы осы жылы 37,5%-ға өсіп, 810,6 млрд теңге болды.
Одан кейінгі орындарда Kaspi Bank (жылдық өсім – 32%) пен ForteBank (жылдық өсім – 16,6%).
"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" көрсеткіштерінің қарқынды түрде өсуіне қарағанда, қазақстандықтар қарапайым банктік депозиттерден гөрі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін таңдайды.
Табиғат Нұрболат