banner

Қазақстандықтар алаяқтарға 7 млрд теңгесін берген

739

Осы жылдың І жартыжылдығында экономикалық қызмет саласында 430 заңбұзушылық тіркелген.

Қазақстандықтар алаяқтарға 7 млрд теңгесін берген

Қазақстандықтар екі жарым жылдың ішінде алаяқтарға 7 млрд теңгеден астам сомаға алданды. Мұндай мәліметтермен "Халықаралық экономикалық сауаттылық орталығының" сарапшысы Шынар Елубаева бөлісті.

Осы жылдың І жартыжылдығында экономикалық қызмет саласында 430 заңбұзушылық тіркелген. 2018 жылы бұл көрсеткіш 1 мың 535 болған.

Ал Жоғарғы соттың статистикалық мәліметтеріне сүйенсек, 2017 жылы қаржы пирамидаларына қатысты 23 үкім шығарылған. Олардың ішінде 10 ұйым өздерін ресми мойындады.

Былтырғы жылы төрт ұйымдастырушыға қатысты шешім шығарылды, ал биыл бір үкім тіркелді.

Сонымен қатар, Елубаева қаржы пирамидалары Алматыда, Нұр-Сұлтан мен Өскемен қалаларында ашылу қаупі барын ескертті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу