Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚХР-ға гуманитарлық көмек жеткізілді. Бұл туралы үкімет басшысының ресми сайтында хабарланды.
Қазақстан Президенті ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге коронавирустың таралуына байланысты хат жолдап, Қазақстан Үкіметінің жан-жақты гуманитарлық көмек көрсетуге әзір екенін білдірген еді.
Осылайша елімізден 13,6 тонна медициналық бұйымдар көрші елге жөнелтілді.
Айта кетсек, бүгін Қытайда оқып жүрген қазақстандықтар елге жеткізілді. Қырғызстан, Беларусь пен Армения биліктерінің өтініші бойынша осы елдердің де азаматтары эвакуацияланған.
Бүгінде ҚР Үкіметі жанындағы ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия, сондай-ақ барлық қажетті ақпаратты ұсыну үшін тәулік бойы 1406 сall-орталығы жұмыс істейді.