Қазақстаннан Түркияға қашан ұшып баруға болады?

1053

44 ішкі бағыт бойынша аптасына 349 рейс орындалып жатыр.  

Қазақстаннан Түркияға қашан ұшып баруға болады?

Бұл сұраққа Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов жауап берді. 

Оның сөзінше, екі ел арасындағы халықаралық рейс маусым айының соңында қалпына келеді.

"Осы жылдың 1 мамырынан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан еліміздің 20 қаласына ішкі әуе рейстері кезең-кезеңімен жанданды. Бүгінге дейін 188 мың әуе билеті сатылды. Сонымен қатар халықаралық рейстерді кезең-кезеңімен жандандыру жоспарланып отыр. Маусым айының соңында Қазақстан және Түркия арасында халықаралық рейсті қайта ашу көзделген", – деді министр.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу