Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі сүйек кемігінің доноры болды

309

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бүгін Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығына барып, сүйек кемігі донорларының ұлттық тізіліміне қатысу үшін донация рәсімінен өткенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі сүйек кемігінің доноры болды Фото: instagram.com/akmaralalnazarova

"Олардың көпшілігі үшін қалпына келтірудің жалғыз үміті сүйек кемігін трансплантаттау. Алайда туыс емес донорлар мен реципиенттердің арасындағы үйлесімділік ықтималдығы 10 мың жағдайға шаққанда 1-ді құрайды. Бұл донорлар тізілімін кеңейту қажеттілігін одан да өзекті етеді",  дейді Ақмарал Әлназарова.

Министр бүгінгі таңда Гемопоэдік дің жасушалары донорларының ұлттық тізілімінде (ГДЖ) 12 742 әлеуетті донор бар екенін мәлімдеді.

"Жыл сайын донорлардың саны артып келеді, бірақ пациенттердің генотипі науқастың сипаттамаларына сәйкес келетін адамды табу мүмкін болатын туыс емес донорларды таңдау мүмкіндігін кеңейту керек",  дейді ол.

Дүниежүзілік балалар обырына қарсы күрес күні қарсаңында Денсаулық сақтау министрлігі "Әрбір қан тамшысындағы өмір" акциясын жариялады.

Ол сүйек кемігінің донорлығына және онкогематологиялық аурулары бар пациенттердің өмірін сақтауға қоғамның назарын аударуға бағытталған.

"Қазақстанда есепте 8 мыңнан астам қан обырымен ауыратын пациент бар, жыл сайын 1500-ге жуық жаңа жағдай, оның ішінде балалардың 600 жаңа жағдайы тіркеледі. Біз бұл адамдарға донор болу және сүйек кемігінің донорлығы бағдарламасын қолдау арқылы көмектесе аламыз. Донор болу қаншалықты маңызды екендігі туралы әркімнің ойлануын сұраймын. Сіздердің қосатын үлестеріңіз өз денсаулығы үшін күресетін адамдардың өмір сүруіне зор мүмкіндік",  деп қорытындылады Денсаулық сақтау министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу