Қазақстанның энергетика саласына инвесторлар қызығушылық танытып отыр

337

Қазақстанның энергетика саласына шет елдік инвесторлар қаржы құюға ниет танытып отыр.

Қазақстанның энергетика саласына инвесторлар қызығушылық танытып отыр Фото: newsib.net

Бұл туралы бүгін Алматыда өткен 3-ші энергетикалық форум барысында айтылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Баламалы энергия көзіндеріне толықтай көшу үшін бізге не кедергі? Экология бөлінетін көмірқышқыл газдың көлемін азайту үшін қандай шешімдер қабылдау керек?

Форум Қарағанды облысындағы шахтада қаза тапқандардың отбасына көңіл айтудан басталды. Энергетика саласындағы әлемдік сарапшылар мұндай оқиғаның жиілеп кеткеніне алаңдаулы. Сондықтан, көмірге тәуелді болмай, біртіндеп газға көшу мәселесін қарастыру қажет деді. Өйткені, адам өмірінің қауіпсіздігі мен экология келетін зиян бірінші кезекте.

"Америка, Еуропа мен Түркия секілді елдер көмірге тәуелді болмай, көгілдір отынға көшіп жатыр. Біз солардың тәжірибесін алуымыз керек. Осының негізінде Орталық Азияға да жаңа регламент ұсынатын боламыз. Себебі, жұмыссыздық көбейіп кетпес үшін барлығын экономикалық тұрғыдан талдау қажет", - деді БҰҰ тұрақты энергетика бөлімінің директоры Дарио Лигути. 

Қазақстанның энергетика саласы ақсап тұрғаны белгілі. Соның ішінде, инфрақұрылым жаңартуды қажет етеді. Деседе, осы уақытқа дейін жасыл экономикаға 3 миллиард долларға жуық инвестиция тартылған. Еропалық одақ тағы қаржы құюға дайын. Өйткені, Қазақстан географиясы жағынан да, қазба байлықтары жағынан да қолайлы. Оған қоса, нақты жоспарымыз бар.    

"Біз концепция қабылдаған болатынбыз. 2023-2029 жылдарға дейін электр энергияны дамыту туралы. Ол жерде нақты бағыттар белгіленген. Ол заңнамалық механизмдер, тарифтік механизмдер және салынатын нысандардың тізімі бар. Сол бағытпен келе жатырмыз. Біз білеміз қай облыста, қай жерде станса салатынымызды. Қай жерге жоғарғы кернеу салатынымызды", - дейді ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағамбетов.

Айта кету керек, саясаткерлер, әртүрлі елдердің энергетика, қаржы секторы, ғылым және академия өкілдерінің басын қосқан 3-ші Энергетикалық форму ертең де жалғасады. Жиыннан соң Орталық Азиядағы энергетика саласын жақсарту жолдары анықталып, инфрақұрылымды қаржыландыру көздері нақтыланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу