Қазақстанның СІМ Түркиядағы Ресей елшісі А.Карловқа жасалған шабуылға қатысты пікір білдірді

894

Қазақстанның СІМ Түркиядағы Ресей елшісі А.Карловқа жасалған шабуылға қатысты пікір білдірді

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі  Анкарада Түркиядағы Ресейдің Өкілетті және Төтенше елшісі Адрей Карловтың өлімін қатаң айыптап отыр.

Тәуелсіз елдің өкілетті өкіліне қарсы бағытталған бұл терроризм актісі Түркия мен Ресейдің екіжақты қарым-қатынасына  үрей мен жанжал тудыруды көздейді дейді ведомство.  

 "Ресей тарапына, қайтыс болған елшінің отбасы мен жақындарына шын жүректен көңіл айтып, еш ақтауға келмейтін бұл жауыздық әрекетті Түркияның құқыққорғаушылары мұқият тексеріп, ұйымдастырушылар тиісті қатаң жазасын алады деп сенеміз", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу