Қазақстанның ядролық қарусыз әлемге қол жеткізу бағыты өзгермейді – СІМ

1305

Женеваға жұмыс сапарының екінші күні барысында Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді БҰҰ-ның ядролық, химиялық және биологиялық қарусыздану мәселелері жөніндегі әмбебап көпжақты органы - Қарусыздану жөніндегі конференцияның отырысында сөз сөйледі, деп хабарлайды inbusiness.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның ядролық қарусыз әлемге қол жеткізу бағыты өзгермейді – СІМ

Сыртқы саяси ведомствоның басшысы өз сөзінде Қазақстанның ядролық қарусыз әлемге қол жеткізу бағытының өзгермейтіндігін атап өтіп, Ядролық қарудан азат әлем құру туралы жалпыға ортақ декларацияны 2021 жылғы желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы рекордтық дауыс санымен қабылдағанын атап өтті.

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің барлық бес тұрақты мүшесі мүше болып табылатын ядролық қаруды таратпау туралы қолданыстағы Шартты алмастырмайтын, бірақ толықтыратын ядролық қаруға тыйым салу туралы шартты іске асыруға белсенді қатысады. "Ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен ел ретінде Қазақстан ядролық сынақтарға әмбебап тыйым салу және әлемнің барлық өңірлерінде ядролық қарудан азат аймақтар құру туралы ұстанымды берік ұстанады", – деді М. Тілеуберді.

СІМ басшысы сондай-ақ делегацияларға Қазақстан Президентінің биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттікті құру жөніндегі бастамасын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы хабарлады.

Женева алаңында М. Тілеуберді БҰҰ Женева бөлімшесінің Бас директорымен, ДСҰ, ДЭФ және ЮНКТАД басшыларымен кездесті.

Женевадағы БҰҰ Бас директоры Татьяна Валоваямен кездесу барысында Орталық Азия елдері мен Ауғанстан үшін Алматыдағы БҰҰ орталығы базасында өңірлік жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) Бас директоры Нгози Оконджо-Ивеаламен кездесу шеңберінде ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы 2022 жылғы 13 маусымнан бастап Женевада Қазақстанның төрағалығымен 12-ші министрлік конференциясын (МС-12) өткізу туралы ДСҰ-ға мүше елдер жақында қабылдаған шешімнің маңыздылығын атап өтті. Біздің еліміз көпжақты сауда жүйесін нығайту бойынша нақты нәтижелерге қол жеткізуге ниетті.

Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ) Президенті Борге Бренде кездесуде ДЭФ төрағасы Клаус Швабтың ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың биылғы мамырда өтетін Давостағы ДЭФ-тің жыл сайынғы отырысына қатысуға шақыруын табыс етті. Б. Бренде форумның Қазақстанмен ынтымақтастыққа беретін маңызды мағынасын растады және мемлекеттік-жеке меншік әріптестік арқылы қатысушы елдердің саяси, экономикалық және әлеуметтік өмірінің негізгі салаларындағы гендерлік көрсеткіштерді жақсартуға бағытталған ДЭФ-тің "Гендерлік алшақтықты қысқарту" жаһандық бастамасына еліміздің қосылуын құптады.

БҰҰ Сауда және даму жөніндегі Конференциясының (ЮНКТАД) Бас хатшысы Ребекка Гринспэнмен кездесуде СІМ басшысы кеден қызметін жаңғырту және Қазақстанның инвестициялық саясатын жақсарту жөніндегі жобаларды табысты іске асырғанын атап өтті. Еліміздің экономиканы цифрландыруға ерекше көңіл бөлетінін ескере отырып, ЮНКТАД-тың электрондық сауда саласындағы ҚР кешенді заңнамасын әзірлеуге жәрдемдесу жөніндегі жобасының ағымдағы жағдайы талқыланды. Р.  Гринспан ҚР Үкіметінің инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша жүргізіп жатқан жұмысын жоғары бағалады, соның арқасында 2020 жылы Қазақстан өтпелі экономикасы бар 17 елдің және теңізге шыға алмайтын 34 елдің арасында тікелей шетелдік инвестициялардың ең үлкен өсімін көрсетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу